Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік

ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы қаржылық алаяқтықтан қорғауға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгеріс туралы маңызды ақпаратты хабарлайды.

2025 жылғы қыркүйектен бастап енгізілетін өзгеріс 

Қазақстанда қаржылық қылмыстарға қарсы күрес аясында банктік шоттарға, карталарға және банктің мобильді қолданбасына кіру рұқсатын үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Жұбайлар мен жақын туыстар арасындағы операцияларға қатысты бұл талап қолданылмайды. Жаза мөлшері: ірі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе мүлікті тәркілеу. Алаяқтық сұлбаларды ұйымдастырушыларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылады

Алаяқтық сұлбалардың жұмыс істеу принципі

Қылмыскерлер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтарды белсенді түрде тартып, банк деректемелерін пайдалану үшін «оңай табыс табу» жолын ұсынады. «Дропперлер» деп аталатын мұндай ұсыныстардың құрбандары қылмыскерлердің сыбайласына айналғанын білмей қалуы да мүмкін. Ұлттық Банк ескерткендей, мұндай сұлбалар елдің қаржы жүйесіне елеулі зиян келтіреді және азаматтардың банк қызметтеріне деген сеніміне селкеу түсіреді.

Алаяқтардың әдеттегі ұсыныстары:

  • «Картамды 50 000 теңгеге жалға беремін»
  • «Қолма-қол ақша алу үшін адамдар керек»
  • «Банктік операциялардан табыс табу»


ЦентрКредит Банкінің қаржылық қауіпсіздік бойынша кеңесі

Келесі деректерді үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз:

  • Банк карталары мен олардың деректемелері
  • Мобильді банкингке кіретін PIN-кодтар мен парольдер
  • Банктік қолданбаларға кіру рұқсаты
  • Операцияларды растау үшін жіберілетін SMS-кодтар


Алаяқтық белгілері:

  • Банк операциялар арқылы «оңай табыс табуды» ұсыну
  • Сыйақы үшін «ақша аударуға көмектесуді» сұрау
  • Шотыңызды бөгде «бизнес» үшін пайдалануды ұсыну


Күдікті операцияларды байқаған кезде:

1. Call-center/банктің мобильді қолданбасы арқылы картаны дереу бұғаттаңыз

2. Құқық қорғау органдарына өтініш жасаңыз

3. Банкке алаяқтық операциялар туралы хабарлаңыз

4. Барлық құжаттама мен хат алмасуды сақтаңыз


Банктің өкілдері келесі деректерді ешқашан сұрамайтыны есіңізде болсын:

  • SMS-хабарламалардағы кодтар
  • «Қауіпсіз шоттарға» ақша аудару
  • Банк деректерін үшінші тұлғаларға беру


ЦентрКредит Банкі клиенттердің қаржылық қауіпсіздігін қорғауды баста назарда ұстап, банк өнімдерін пайдаланған кезде сақтық танытуға шақырады.

Жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері

Қазақстанда телефон және интернет алаяқтығы жиілеп кетті. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғау үшін негізгі қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды: ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз, бейтаныс адамдардың телефон арқылы немесе желіде айтқан өтініштерін орындамаңыз, күрделі парольдер мен екіфакторлы аутентификацияны қолданыңыз, гаджеттердегі қолданбалар мен жүйені ұдайы жаңартып отырыңыз.

Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға 102 нөмірі арқылы немесе qamqor.gov.kz сайтындағы «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы хабарласыңыз. Сонымен қатар картаңызды банк қолданбасы немесе байланыс орталығы арқылы бұғаттаңыз. Бұған қоса бірыңғай 116 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Алаяқтар көбіне өздерін банк, полиция немесе басқа ұйым қызметкерлері ретінде таныстырып, мемлекеттік органдар мен дүкендердің атынан жалған хабарламалар жібереді, жалған интернет-дүкендер құрып, «тиімді инвестиция» ұсынады. Ресми органдар ешқашан код пен пароль сұрамайтынын және телефон арқылы тергеу әрекеттерін жүргізбейтінін есіңізде сақтаңыз.

Алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы толығырақ ақпаратты ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің Instagram желісіндегі @cybercrime.kz парақшасынан біле аласыз.

Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады, сілтемеден толығырақ танысыңыз.

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
Жеке тұлғалар үшін рубльдегі ағымдағы және жинақ шоттарынан қолма-қол ақша алу бойынша акция

2026 жылғы 1 тамыздан бастап Банкте жеке тұлғалардың Ресей рублімен ашылған ағымдағы және жинақ шоттарынан қолма-қол ақша алу жөніндегі кассалық операциялары бойынша акция кезеңі қолданысқа енгізіледі.

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
2026 жылғы 9 маусымнан бастап жеке тұлғаларға арналған  депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді

Құрметті клиенттер! 

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылғы 9 маусымнан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Моя цель» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды. 

Бизнеске
Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған кассалық операциялар тарифі өзгерді

Құрметті клиенттер,

2026 жылғы 16 маусымнан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:

8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау - 5%.

Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.

Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі және e-Residency сервисі ҚР бейрезиденттеріне премиум картаны қашықтан ресімдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді

ЦентрКредит Банкі Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне e-Residency Қазақстан сервисімен жұмыс істеу барысында мүмкіндіктерді кеңейтеді. Енді пайдаланушылар қашықтан ЖСН мен eSIM (қазақстандық телефон нөмірін) алып, Mastercard #BlackEdition премиум цифрлық картасын аша алады және банк қызметтерін пайдалана алады.  

 

Цифрлық сценарий 

 

bcc.kz қолданбасында e-Residency мәртебесін және премиум картаны ресімдеу жолы:  

  

1-қадам. bcc.kz қолданбасын орнатыңыз

«e-Residency арқылы тіркелу» батырмасын басыңыз  

 

2-қадам. bcc.kz қолданбасындағы батырма арқылы e-Residency қолданбасын жүктеп алыңыз  

деректерді толтырып, төлем жасаңыз және e-Residency сервисі арқылы ЖСН мен eSIM алыңыз  

 

3-қадам. bcc.kz қолданбасына оралыңыз  

деректерді растау үшін биометриядан өтіп, сауалнаманы толтырыңыз  

 

4-қадам. Mastercard #BlackEdition цифрлық картасын ашыңыз   

және банк қызметтерін пайдалана бастаңыз  

 

Процесс толықтай қашықтан жүзеге асырылады, банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ және клиенттерге тиімді.  

 

ЖСН және eSIM ала отырып, e-Residency бағдарламасында тіркелу құны – 299 АҚШ доллары. Цифрлық картаны шығару 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тегін.  

 

Балама тәсіл 

Сонымен қатар картаны e-Residency қолданбасы арқылы да ресімдеуге болады. Бұл жағдайда ЖСН мен eSIM алып, e-Residency бағдарламасында тіркелгеннен кейін серіктес банктердің тізімінен ЦентрКредит Банкін таңдап, bcc.kz қолданбасында қашықтан тіркелуден өту және Mastercard #BlackEdition премиум цифрлық картасын ресімдеу қажет.  

 

ЖСН және eSIM ала отырып, e-Residency бағдарламасында тіркелу құны – 499 АҚШ доллары. Цифрлық картаны шығару тегін. 

 

Банктің цифрлық экожүйесін дамыту  

e-Residency сервисімен интеграция – ЦентрКредит Банкінің цифрлық қызмет көрсету арналарын дамыту және елден тыс жерде орналасқан клиенттерге банк өнімдерін ұсыну стратегиясының бір бөлігі. 

 

Картаны ашу үшін сілтеме арқылы өтіңіз:

Жаңалықтар
#bccpay картасы бойынша тегін аударым лимиті ұлғайды

2026 жылғы 1 маусымнан бастап #bccpay картасы бойынша тегін аударым лимиті 500 000 теңгеден 700 000 теңгеге дейін ұлғаяды. 

 

Жаңартылған тарифтер картаға және телефон нөмірі арқылы жасалатын аударымдарға (Visa+) қолданылады. 

Бизнеске
Жаңалықтар
Бизнес-клиенттер үшін шотты басқа банктердің карталарынан толықтыру шарттарының өзгеруі

01.06.2026 ж. бастап бизнес-клиенттерге шотты басқа банктің картасынан толықтыру үшін 2% (кемінде 1 000 теңге) комиссия енгізіледі. «Оңтайлы», «Премиум» және «Ультра» пакеттерін қосқан бизнес-клиенттерге қызмет тегін көрсетіледі.

Жаңалықтар
2026 жылғы 5 маусымнан бастап БЗТ-ның қолжетімді сомасын есептеу бойынша өзгерістер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 422 қаулысына сәйкес зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін есептеу тәртібіне өзгерістер 2026 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енеді.

Осыған байланысты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсауға болатын біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) қолжетімді сомасы өзгеруі мүмкін.

Егер сіз зейнетақы жинақтарын пайдалануды жоспарласаңыз, 2026 жылғы 4 маусымға дейін  (қоса алғанда) өтінім беріп, оған қол қойып үлгеріңіз.

Назар аударыңыз: егер жаңа ережелер күшіне енгенге дейін өтінімге қол қойылмаса, БЗТ-ның қолжетімді сомасы жаңартылған есептеу әдісіне сәйкес қайта есептелуі мүмкін.

Өтінімді m.bcc.kz жеке кабинетінде беруге болады.

Жаңалықтар
ЦКБ Қытайда және бүкіл әлемде сауда жасауға арналған QR-төлемдерді іске қосады

ЦентрКредит Банкі UnionPay қолдауымен Қытайда және басқа елдерде тауарлар мен қызметтер ақысын төлеуге мүмкіндік беретін QR-төлемдер сервисін іске қосты. Бұл сервис Қытайдағы 100 миллионнан астам сауда орнында QR-код арқылы төлем жасауды қолдайды, соның ішінде елдегі ең кең таралған QR-төлем әдістерінің бірі – Weixin Pay (Қытайдағы WeChat Pay) жүйесінің барлық QR-код түрін қамтиды. Функция bcc.kz мобильді қолданбасында жұмыс істейді және қосымша сервистерді орнатуды қажет етпейді.

Қытайдағы сауда орындарының басым бөлігі UnionPay QR-коды арқылы төлем қабылдайды. Төлем жасау үшін bcc.kz мобильді қолданбасын ашып, «QR арқылы төлеу» бөліміне өту жеткілікті. Одан кейін төлем әдістерінің бірін таңдауға болады:

  • сатушының QR-кодын сканерлеп, қаражат алынатын шотты көрсетіп, операцияны растау;
  • немесе «Менің QR» бөлімінде өз QR-кодыңызды жасау. Кейін төлемге арналған картаны таңдап, кодты сатушыға көрсету немесе сканерге жақындату қажет. Сканерлегеннен кейін сома автоматты түрде таңдалған картадан алынады.

Сервисті UnionPay халықаралық желісінде шығарылған #DragonCard және #GoldCard карталарының иелері пайдалана алады.

«Қытай – қазақстандықтар үшін туристік және іскерлік сапарлардың ең танымал бағыттарының бірі болып қала береді. Елдегі есеп айырысу операцияларының басым бөлігі мобильді төлемдер арқылы жүзеге асады, ал дәстүрлі қолма-қол ақша іс жүзінде қолданылмайды, бұл цифрлық сервистердің ыңғайлылығын растайды. UnionPay-мен интеграция трансшекаралық төлемдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, шетелде карталарды пайдалануды жеңілдетеді және Қазақстан мен Қытайдың төлем жүйелері арасында сенімді цифрлық көпір қалыптастырады», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлшекті бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Жұлдыз Қайыржанова.

UnionPay халықаралық ынтымақтастықты дамытып, пайдаланушы тәжірибесін жетілдіріп келеді. Қытайдағы Weixin Pay-дің барлық QR-коды UnionPay желісіне толық интеграцияланған. QR-төлемдер сервисі қазірдің өзінде 48 ел мен өңірдегі 150 миллионнан астам сауда орнында жұмыс істейді, оның ішінде материктік Қытай, Гонконг, Макао, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да мемлекеттер бар.

Сервис туралы толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы қараңыз.

ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 ж. № 1.2.25/195/34 лицензия

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операцияларға белгіленген тарифтердегі өзгерістер

16.06.2026 ж.  жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді:

Шотқа қолма-қол ақшаны рубльмен (RUB), соның ішінде банкоматтар/АТТ арқылы қабылдау – 5%.

Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/

Жаңалықтар
#bccpay картасы бойынша тегін аударым лимиті ұлғайды

2026 жылғы 1 маусымнан бастап #bccpay картасы бойынша тегін аударым лимиті 500 000 теңгеден 700 000 теңгеге дейін ұлғаяды.

Жаңартылған тарифтер картаға және телефон нөмірі арқылы жасалатын аударымдарға (Visa+) қолданылады.

Жаңалықтар
#BusinessCredit картасымен
барлығына кешбэк

Бизнесіңізге қажет тауарларды сатып алған кезде кешбэк сіздің жеке бонус шотыңызға түсетінін білесіз бе?

2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында өтетін акция аясында кез келген сауда ақысын #businesscredit бизнеске арналған кредит картасымен төлеп, 5% жоғары кешбэк алыңыз. Кешбэк ЖК немесе ЖШС шотына емес, карта ұстаушының жеке бонус шотына түседі.

Кешбэктің ең жоғары мөлшері айына 20 000 теңгеден аспайды.

Қолма-қол ақша алу, ақша аудару, жойылған операциялар, сондай-ақ кешбэк қарастырылмаған тауарларды сатып алу үшін кешбэк берілмейді.

#businesscredit бизнеске арналған кредит картасы – сауда бизнесіңізге, пайдасы өзіңізге!

Бизнеске
Жаңалықтар
Комиссиясыз жаз: балаларға арналған бизнесіңізді бізбен бірге кеңейтіңіз

Балаларға арналған дүкендер, ойыншық сататын дүкендер және ойын алаңдары үшін төлем қабылдаудың тиімді талаптарын ұсынатын жазғы акцияны іске қосамыз!

Қатысушылар: MCC кодтары бойынша жұмыс істейтін жаңа және қазіргі мерчанттар: 5641 – балаларға арналған дүкендер, 5945 – ойыншық сататын дүкендер, 7996 – ойын-сауық (мәдениет және демалыс саябағы, цирк)

Акция өткізілетін кезең:

2026 жылғы 1 маусым – 31 шілде

Акция талаптары:

Акция кезеңінде POS-терминал және BCCPAY арқылы төлем қабылдау бойынша 1 000 000 теңгеге дейінгі айналымға 0% комиссия белгіленеді.

Акция Банк карталарымен, сондай-ақ басқа банктердің карталарымен жүргізілетін операцияларға қолданылады.

* 0% жеңілдікті комиссия 1 000 000 теңге шегіндегі айналымға қолданылады. Лимиттен асқан сомаға стандарт тариф есептеледі.

Жаңалықтар
Жөндеу жұмыстарын жасап, 3 000 000 ₸ ұтып алыңыз!

Енді жай ғана жөндеу жұмыстарын жасап, ақшалай жүлде ұтып алу мүмкіндігі бар! 2026 жылдың 1 маусымы мен 31 шілдесі аралығында ЦентрКредит Банкі мен «12 Месяцев» құрылыс гипермаркеттерінің желісі арнайы ұтыс ойынын бастайды. 

Ұтысқа қатысу үшін: 

  • «12 Месяцев» дүкендерінен кемінде 50 000 ₸ көлеміндегі сомаға тауар таңдаңыз. 

  • Олардың ақысын ЦентрКредит Банкінің карталарымен төлеңіз. 

  • Сіз ұтыс ойынына автоматты түрде қатысасыз. 

Жүлде қоры: 

  • 3 жеңімпаздың әрқайсысы 1 000 000 ₸ алады. 

  • Тағы 10 адамға құрылыс материалдары сатып алуға арналған 100 000 ₸ сертификаты беріледі. 

Жеңімпаздарды акция аяқталғаннан кейін рандомайзер көмегімен анықтаймыз. 

Ұтыс ойынының толық ережесі

Жаңалықтар
Интернетте ыңғайлы әрі қауіпсіз түрде төлем жасауға арналған Click to Pay

Қазақстанда алғаш рет! Click to Pay – интернетте Visa карталарымен жасалатын сауда ақысын жылдам әрі қауіпсіз төлеуге арналған жаңа сервис.

  • Карта нөмірін, қолданыс мерзімін және CVV кодын енгізудің қажеті жоқ – сатушының сайтында төлем жасаған кезде тек телефон нөміріңізді көрсетіп, өзіңіздің Visa карталарыңыз тізімінен қажетті картаны таңдаңыз.
  • Пайдаланушылар сервисті кез келген құрылғыда және сатушы-серікстестерде пайдалана алады.
  • Visa деректердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді.

Қалай пайдалануға болады?

  • Онлайн дүкен, сервис немесе қызмет жеткізуші Click to Pay сервисіне қосылған болуы тиіс.
  • Click to Pay сіздің карталарыңызды табуы үшін төлем тәсілін таңдағанда телефон нөміріңізді енгізіңіз.
  • Егер сіз Visa клиенті болсаңыз, тізімнен қажетті картаны таңдаңыз.
  • Сауда ақысын төлеу үшін тұлғаңызды растаңыз. Дайын!

Қазіргі таңда қазақстандықтар Click to Pay сервисі арқылы Marriott, Lufthansa, Emirates сияқты шетелдік сайттарда, сондай-ақ әлемнің басқа да ірі брендтерінің сайттарында сауда ақысын төлей алады.

Карталар сервиске кезең-кезеңімен қосылады. Егер дәл қазір Click to Pay арқылы төлем жасай алмасаңыз, бұл қызмет сізге кейінірек қосылады.

 Ал сервисті теңшеуді bcc.kz мобильді қолданбасындағы «Картаны теңшеу» бөлімінде басқаруға болады.

Жаңалықтар
Western Union аударым тарифтерін жаңартты

Енді bcc.kz қолданбасында Western Union арқылы ақша аудару бұрынғыдан да тиімді – аударым құны 500 теңгеден басталады.

Онлайн аударымдар банк бөлімшесінде ресімдеумен салыстырғанда тиімдірек, ал процесс бірнеше минут қана уақыт алады. Ол үшін алушының елін таңдап, соманы және алушының деректерін енгізу жеткілікті.

Тарифтермен толығырақ мына жерден танысуға болады.

Бизнеске
Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған кассалық операциялар тарифі өзгерді

Құрметті клиенттер,

2026 жылғы 21 мамырдан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:

8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 0,3%.

Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.

Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.

Жаңалықтар
Ипотеканы БЗТ есебінен мерзімінен бұрын өтеу туралы өтінім қабылдау қайта басталды

Банк 2026 жылғы 17 сәуірден бастап күшіне енген жаңа ережеге сәйкес, ипотеканы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу туралы өтінім қабылдауды қайта бастады.

Не өзгерді?

Зейнетақы қаражатын енді ипотека бойынша негізгі борышты өтеуге ғана пайдалануға болады. Оның есебінен пайызды, айыппұлды немесе өсімпұлды төлеу мүмкін емес – бұл сомаларды өз қаражатыңыздан төлеуіңіз қажет.

Енді процедура қалай жұмыс істейді?

Процесс бірнеше кезеңнен тұрады:

- Қаражат БЖЗҚ-дан шотқа түседі

- Қарыз алушы БЗТ есебінен ипотеканы өтеу туралы өтінімге қол қояды

- Банк есептелген пайыз бен басқа да төлемдер туралы хабарлама жібереді, оларды клиент өз қаражаты есебінен төлейді

Төлем жасалғаннан кейін зейнетақы қаражаты негізгі борышты өтеуге бағытталады

Жаңалықтар
2026 жылғы 19 мамырда жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

Құрметті клиенттер!

2026 жылғы 19.05 күні сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Көрсетілген уақыт аралығында келесі сервистер уақытша қолжетімсіз болады:

  • bcc.kz
  • bcc business;
  • 3D Secure;
  • SMS-хабарламалар;
  • POS-терминалдар.

Қажетті операцияларды жұмыстар басталғанға дейін алдын ала жоспарлап, орындауларыңызды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
Private Club – bcc.kz-тегі премиум сервистің жаңа деңгейі

bcc.kz мобильді қолданбасында Private Club атты жаңа сервис іске қосылды. Бұл – ыңғайлылықты, әр клиенттің көңілінен шығуды және қосымша артықшылықтарды бағалайтындарға арналған кеңістік. 

Енді премиум қызметтің барлық мүмкіндігі бір бөлімде қолжетімді: сіз дербес қолдау алып, өзекті ұсыныстармен танысып, серіктестердің эксклюзивті сервистерін пайдалана аласыз. 

Private Club аясындағы мүмкіндіктер: 

  • чат арқылы дербес қолдау қызметі 

  • премиум карталар бойынша ұсыныстар 

  • артықшылықтар мен арнайы ұсыныстар 

  • жылжымайтын мүлік және lifestyle саласындағы сервистер 

Сервис қазір bcc.kz мобильді қолданбасында іске қосылған.   
VIP мәртебесі бар клиенттерге сервистің толық функционалы ашық, ал басқа пайдаланушылар премиум қызметке қосылу туралы өтінімді тікелей қолданба арқылы бере алады. 

Private Club – үйреншікті цифрлық форматта көбірек мүмкіндік пен сервисті пайдаланудың ыңғайлы тәсілі. 

Жаңалықтар
2026 жылғы 16 мамырда жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

16 мамыр күні сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін:

  • банкоматтар мен терминалдар;
  • bcc.kz мобильді қосымшасы;
  • FX платформасы;
  • bcc business.

Операцияларыңызды алдын ала жоспарлап, техникалық жұмыстар басталғанға дейін орындауыңызды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2026 жылғы 12 мамырда жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

12.05.2026 ж. жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz мобильді және BCC Business қосымшасы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2026 жылғы 8 мамырда жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

Келесі сервистердің уақытша қолжетімсіз болуы күтіледі:

  • bcc.kz мобильді қосымшасы;
  • банкоматтар мен терминалдар.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді