Салық төлеушінің кабинетін ашсаңыз, сәйкессіздік туралы хабарлама келіп тұрғанын елестетіңіз. Ойыңызға бірден «тексеру!» деген сөз келеді. Сабыр сақтаңыз. Көп жағдайда бұл — камералық бақылау. Уақытылы әрі нақты жауап берсеңіз, мәселе тексерусіз, айыппұлсыз және артық уайымсыз шешіледі.
Бәрін ретімен қарастырайық.
Материал авторы – сарапшы Марина Рызабаева. Мақалада келтірілген қорытындылар, бағалар мен ұсынымдар автордың жеке пікірін білдіреді.
Тауарды жөнелтіп, электрондық шот-фактураны толтырдыңыз да, «Жіберу» батырмасын бастыңыз. Бірақ құжат «Қате» күйінде тұрып қалды. Сатып алушы ЭШФ алмайынша төлем жасамайды, ал сіз қай жерден қате жібергеніңізді түсінбей отырсыз. Таныс жағдай ма? Бұл қандай құжат, қашан қажет және оны жіберудің өзі неге қиындық туғызуы мүмкін екенін ретімен қарастырайық.
Материал авторы – сарапшы Марина Рызабаева. Мақалада келтірілген қорытындылар, бағалар мен ұсынымдар автордың жеке пікірін білдіреді.
Пассив кіріс алу туралы ойланатын адамдарда ең аз салыммен инвестиция салудан қалай ақша табуға болады деген сұрақ туындайды. Бағалы қағаздарға инвестиция салу үшін бұл салада білім болуы қажет, сондықтан мұндай инвестиция бәріне бірдей емес.
ҚР-дағы тауар өткізетін және қызмет көрсететін компаниялардың көпшілігі әдеттегі салықтан басқа, қосылған құн салығын (ҚҚС) да төлеуі керек. Ол тауар сатып алынған баға мен оны сатқан баға арасындағы айырма түріндегі сомада есептеледі. Өндірушінің немесе сатушының шығысын өтеу үшін тауар/қызмет құнына салық кіреді. 2026 жылы ҚР-да ҚҚС-ны төлеген кезде алынған ақша мемлекеттік бюджетке жіберіліп, маңызды қажеттіліктерге жұмсалады.
Аккредитив – Сатып алушы мен Сатушы арасындағы есеп айырысудың мүмкін болатын тәсiлдерiнiң бiрi. Іс жүзінде бұл Сатып алушының Банкі тарапынан, егер Сатушы тауарды тиеу немесе қызмет көрсету фактісін құжатпен растаса, Сатушыға Сатып алушының есебінен келісілген валютамен белгілі бір соманы төлеу міндеттемесі.
Кей жағдайларда жеке тұлғалардың да, кәсіпкерлердің де белгілі бір мақсат үшін (мысалы, тұрмыстық техника сатып алу немесе өндіріс үшін шикізат алу) қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең оңтайлы шешім — банкке барып, кредит ресімдеу. Алайда стандартты кредит өнімдерінен бөлек, Қазақстан банктері клиенттерге овердрафт, кредит желісі және шот бойынша кредит лимиті сияқты құралдарды да ұсынады.
ҚР-да сатып алушы тауар мен көрсетілген қызмет ақысын төлей алуы үшін төлем жасауға арналған шот қажет, оны онлайн режимінде жасаған ыңғайлы әрі жылдам. Бұл – контрагенттер арасында есеп айырысқан кездегі негізгі құжаттардың бірі. Ақшаны сатушының немесе қызмет көрсетушінің шотына аудару оның қаншалықты дұрыс толтырылғанына байланысты болады.
Жұмыскерді еңбекке қабілетсіздік және өзге де тәуекелдер (асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, декрет) жағдайында қорғау үшін төлеуші, яғни ұйым ұдайы әлеуметтік аударымдар төлеп отыруы керек. Жұмыскер әлеуметтік төлемдерді дәл осы ақшадан алады.
Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктер 2026 жылы бақылаушы органдарға 910-нысанды тапсыруы тиіс. Бұл декларация табыс, төленген салық (оның ішінде ЖТС және әлеуметтік салық, олар бірге табыстың 3%-ын құрайды), өзі және қызметкерлер үшін жасалған аударымдар туралы деректерді қамтиды. Нысан осы параметрлер бойынша жартыжылдықтың әрбір айы үшін есеп беруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Еңбек кодексі және еліміздің өзге де заңдары бойынша әр жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілуі тиіс, бұл 2026 жылы да жалғасын тауып отыр. Демалыс – бұл жұмыскерге демалып алуға және өз күшін қайта қалпына келтіруге берілетін мүмкіндік. Ал бухгалтер үшін бұл тынымсыз жұмыс: ол барлық құжаттарды (өтініштер, бұйрықтар) реттеп, демалыс түрін ескеріп, Қазақстан заңнамасына сәйкес демалыс күндері мен сомасын есептеуі тиіс.
2026 жылы ҚР-да демалыс күндерін қалай есептейміз?Қандай ерекшеліктер туралы білуіңіз керек? Қазақстан үшін өзекті демалыс түрлерін ескере отырып, осы сұрақтарға жауап береміз.
Жаңа жылда дәстүр бойынша Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар да «іске қосылады». Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР-дағы компаниялар өздерінің мамандары үшін ЖМЗЖ (толық жазылуы: жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) төлеуге міндетті. Бұл ретте жұмыс берушілер жарналарды 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін ғана төлейтінін ескерген жөн.
Жаңа бастаған ЖК үшін бухгалтерия – оңай міндет емес: кәсіпкерлерді қателесіп, бұрыс іс-әрекет жасау және соның нәтижесінде айыппұл мен түрлі мәселеге тап болу мүмкіндігі қаймықтырады. Бухгалтерлік міндеттерді аутсорсингке беру тартымды балама болуы мүмкін, алайда сырттан бухгалтер жалдауды ісін жаңа бастаған бизнесмендердің қалтасы көтере бермейді.
Бірақ бухгалтерияны өз бетінше – дұрыс, тиімді әрі еш тәуекелсіз жүргізуге болады. Мұны қалай жүзеге асыруға болады? Заманауи нұсқалардың бірі – онлайн-бухгалтерия.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде компанияның қызметін тоқтату үшін тарату процедурасынан өту керек, ол шамамен төрт айға созылады және мұқият дайындықты қажет етеді.
Айтпақшы, Қазақстанда ЖШС жабу туралы шешімді әрдайы серіктестіктің құрылтайшылары қабылдай бермейді. Кейбір жағдайларда бұл сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде болады. Мысалы, 2026 жылы ҚР-да ЖШС-нің мәжбүрлеп жабылуының жалпы себебі – банкроттық. Басқа себептерге тіркеу рәсімін бұзу жатады (иесі серіктестікті салық органында тіркемеген немесе БСН нөмірін уақытында ала алмаған).
2026 жылы Қазақстанда ЖШС-ні қалай жабуға болады және оны онлайн режимде жасауға бола ма? Жабу үшін қандай құжаттар қажет? Сіз қандай қателіктер туралы білуіңіз керек?
Қадамдық нұсқауды қарастырамыз.
Тауарларды ел аумағы арқылы өткізу көптеген құжаттамаларды рәсімдеуді көздейді. Тауарлардың кейбір топтарына құжат айналымын жеңілдету үшін 2020 жылы Қазақстанда ТІЖ сияқты құжат енгізілді. Ол сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бұл бизнестің беделіне үлкен соққы: кез келген төтенше жағдай мұқият тексеріліп, жұмыс берушінің кінәсі анықталған кезде, қоғамдық наразылықты айтпағанда, оны үлкен айыппұлдар және сотта ұзақ уақыт бойы сот ісі күтеді. Ұйым қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру кәсіпкерді осындай проблемалардан қорғауға көмектеседі.
Заңды кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін заңды тұлғаға, оның ішінде ЖШС-ға банктік ағымдағы шот қажет. Ол көптеген қызметке қол жеткізуге мүмкіндік береді: сіз жеткізушілермен есеп айырыса аласыз, қызметкерлердің жалақысын есептей аласыз, өз шоттарыңыздың арасында ақша аударып, салық аудара аласыз және басқа да аударымдар жасай аласыз.